Жегіде
Коррозия (кейде жемірілу, (лат. corrosio) — қоршаған ортаның әсерінен металл бетінің бүлінуі. Бұл кез келген материалдың қиратулары (металдар, ағаш, керамика, полимер). Себебі: конструкциялық материалдардың термодинамиялық орнықсыздығы.
Коррозия (жемірілу) – қышқылданған судың әктас, гипс тәрізді еритін жыныстар арқылы аққанда, оларды біртіндеп ерітуі.
- Мысалы:
- судағы оттексіз жегіде: 4Fe + 6Н2О + ЗО2 = 4Fe(OH)3
Жегіденің түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Жемiргiш орталарды түрлерін бойынша:
- газдық жегіде;
- атмосфералық жегіде;
- литолардағы жегіде;
- электролиттегі жегіде;
- жерасты жегідесі;
- биожегіде;
- Жегіде процессiнiң ағулары шарттар бойынша келесi түрлер өзгешеленедi:
- түйіскен жегіде;
- саңылау жегідесі;
- аралық жегіде;
- кернеулі жегіде;
- Қиратулар сипат бойынша өзгешеленедi:
- шылқыған жегіде:
- бiр қалыптысы
- бiр қалыпты емес
- сайлауы
- жергiлiктi[1]
- шылқыған жегіде:
Метал жегідесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Метал коррозиясы - метал немесе қорытпаның қоршаған ортамен физика-химиялық және химиялық өзара әсер етуі салдарынан жүретін, метал немесе қорытпаның техникалық функционалдығын төмендетуіне әкелетін үдеріс. Өзара әсерлесу негізі - химиялық және электрохимиялық реакциялардың жүруі болып табылады. Кейде ол механикалық әсердің салдарынан да болады. Сондықтан материалдың түрлі ортаның әсеріне қарсылық көрсету қабілеті коррозияға төзімділік немесе материалдың химиялық кедергісі деп аталады. Коррозияға ұшырайтын металды - коррозияланатын метал, ал коррозиялық процесс жүретін ортаны коррозиялық орта деп атайды.
Коррозиялық процесс салдарынан метал жартылай не толығымен бұзылуы мүмкін. Метал мен коррозиялық ортаның өзара әсерлесуі нәтижесінде пайда болған химиялық қосылыс - коррозия өнімі болып табылады. Коррозия өнімі металдың беткі қабатында тотықты қабыршақ, кеуекті қабаттар немесе тат түрінде кездеседі. Метал бетінің адгезиялық дәрежесіне байланысты әртүрлі жағдайлар байқалады. Мысалы, темір қорытпаларының беткі қабатындағы таты металға тереңірек еніп, кеуектелуіне әкеледі. Ал оның әрі қарай дамуы салдарынан тесікті бұзылыс береді. Керісінше, алюминийдің тотықтануы оның бетінде тығыз әрі бірқалыпты тотықты қабыршақ пайда болуын қамтамасыз етіп, металды бұзылудан қорғайды.
Коррозияның жүру заңдылығы гетерогендік жүйедегі термодинамика мен кинетиканың жалпы заңдылықтарымен анықталады. Ол сыртқы (температура, қысым және т.б) және ішкі (құрамы, құрылымы) коррозиялық себептерге байланысты.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
- ↑ Коррозия және материалдарды қорғау, авторы : Ұ. А. Мурзахметова, ISBN 9786012282788
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- жегіде по русский
- жегіде in English
- жегіде Мұрағатталған 8 наурыздың 2016 жылы.